Ер адам балыққа арналған қорап ішінде 3 күн бойы мұхитта жүзген
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2020
- 261
Индонезиялық балықшы үш күн бойы мұхитта балыққа арналған қорап ішінде жүзіп, тірі қалды, - деп хабарлайды Newsflare.
Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясындағы 46 жастағы Удин Диман 14 қыркүйекте балық аулауға кетіп, сол күні кешке үйіне оралмаған. Бір күннен кейін балықшының отбасы полицияға жүгінген.
"Біз оның үш күн бойы тамақсыз және сусыз қалай тірі қалғанын білмейміз, бірақ оның жолы болды. Біз оның табылғанына қуаныштымыз", - деді құтқару тобының жетекшісі.
tengrinews.kzУдиннің өзі оның қайығы қатты ағын салдарынан аударылып қалғанын айтады. Ол балықты сақтауға арналған мұз салынған қорапты ұстап қалған, кейін үш күн бойы мұхитта жүзіп жүрген. "Мен аш болған соң анда-санда есімнен танып қала бердім, құтқарушылар тапқанша ұйықтадым", - дейді ер адам.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024