жұма, 22 қараша, 2024 2:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ердоған үшін наурыздағы сайлау соңғы саяси тартыс болуы мүмкін

Ердоған үшін наурыздағы сайлау соңғы саяси тартыс болуы мүмкін
Сурет ашық дереккөзден алынды
Түркия президенті  Режеп Тайып Ердоған  саясаттан кетуі мүмкін екенін меңзеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 31 наурызда өтетін муниципалды сайлау өзі үшін соңғы сайлау болуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz DW сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Ердоған бірнеше күн бұрын TUGVA жастар ұйымының отырысында мәлім еткен. Айта кетейік, Ердоғанның президенттік өкілеттілігі 2028 жылы аяқталады. Яғни, осы өкілеттілігінен кейін ол қайтадан президент сайлауына түспеймін дегенді меңзеген.

Дегенмен, 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы 2028 жылы, яғни, Ердоған Түркия президентінің тағынан түскеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар