жұма, 27 желтоқсан, 2024 7:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Хабаровск тағы шеруге шықты

Хабаровск тағы шеруге шықты
ашық дереккөзі
Хабаровск тағы шеруге шықты

Хабаровск әкімшілігінің бағалауы бойынша, наразылық акциясына 1,5 мың қатысушы жиналған.

Ресейдің Хабаровск қаласында 2004-2005 жылдары Қиыр Шығыста кәсіпкерлерді өлтіруді ұйымдастырды деген айыппен қамауға алынған аймақтың бұрынғы губернаторы Сергей Фургалды қолдау мақсатында билікпен келісілмеген тағы бір сенбілік акция өтті, деп хабарлады портал dvhab.ru. Портал таратқан ақпаратқа сүйенсек, жергілікті уақыт бойынша, сағат 12:00-ге дейін Ленин алаңына, Үкімет ғимаратының алдына 1 мыңға жуық адам жиналған. Портал қала орталығында митингілер көп емес екенін атап өтті. Қатысушылар «Мен, Біз, Сергей Фургал» және «Бостандық!» деп ұрандатуда. Осыдан кейін наразылық білдірушілер қаланың орталық көшелерімен шеруді бастады. Хабаровск әкімшілігінің бағалауы бойынша, наразылық акциясына 1,5 мың қатысушы жиналған. Облыс орталығында кезекті рұқсат етілмеген митинг өтіп жатыр. Бұл жолы шеруге 1500 адам жиналды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда аз, - делінген қалалық әкімдіктің сайтында. Құқық қорғау органдары заң бұзушылармен және наразылыққа белсенді қатысушыларымен жұмыс істеуді жалғастыруда. Еске сала кетсек, Сергей Фургал 9 шілдеде ұсталды. Ол 2000 жылдары бизнеспен айналысқан кезде кәсіпкерлерді өлтіруді ұйымдастырды деп айыпталуда. Губернатор Хабаровскіден Мәскеуге жеткізіліп, онда сот оны екі айға, 9 қыркүйекке дейін қамауға алды. Фургалдың өзі кінәсін мойындамайды. 20 шілдеде Президент Владимир Путин сенім жоғалтуына байланысты оны қызметінен босатты және Хабаровск өлкесі губернаторының міндетін атқарушы ретінде ЛДПР-дан Мемлекеттік Думаның депутаты Михаил Дегтяревті тағайындады. Фургал ұсталғаннан кейін Қиыр Шығыс қалаларында санкцияланбаған наразылық акциялары басталды. Демонстранттар бұрынғы губернаторға ашық және адал сот жүргізуді талап етуде. Дегтярев тағайындалғаннан кейін, сенбіде өтетін Фургалды қолдауға арналған митингілер тоқтамады, бірақ біртіндеп азая бастады. Ең ірі наразылықтардың бірі бір ай бұрын, 18 шілдеде өтті. Биліктің мәліметінше, митингке 10 мың адам қатысты. Ал, жергілікті БАҚ пен белсенділердің айтуынша, Хабаровск көшелеріне 50 мыңға жуық адам шыққан. Өткен демалыс күні, 15 тамызда, қалалық әкімдіктің бағалауы бойынша, шеруге 1,5 мыңға жуық тұрғын шыққан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар