Ирандағы шиеленіс: Қазақстандықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025
- 683
Эвакуацияланғандар қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия азаматтары бар. Сонымен қатар АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай мен Вьетнам азаматтары да елден эвакуацияланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соңғы бес күн бойы Иран мен Әзербайжан шекарасында гуманитарлық өткел арқылы эвакуациялау процесі жүріп жатыр.
Эвакуацияланғандардың айтуынша, Иран аумағында шекарадан өту кезегін күтіп жатқан жүздеген адам әлі бар.
13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Ел билігі бұл әрекетті Иранның ядролық бағдарламасына қарсы операция деп түсіндіріп, елде төтенше жағдай режимін енгізді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барынша сабыр сақтауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026
Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026






