Исламабадта әл-Фараби жаһандық форумы өтіп жатыр
Исламабад қаласында ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөнiндегi Ислам ынтымақтастығы ұйымының Тұрақты комитеті (COMSTECH) және Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдастыруымен әл-Фараби жаһандық форумы өтіп жатыр.
Алқалы жиынға Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Ариф Алви, COMSTECH директоры Мұхаммед Икбал Чаудари, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Асқар Мусин, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын, Калифорния университетінің профессоры Асад Ахмед, Лахор Менеджмент және технологиялар университеті профессоры Саид Номанул Хак, Оксфорд университеті профессоры Фархан Низами, Мюнхен университетінің профессоры Питер Адамсон, Бат Спа университеті (Ұлыбритания) профессоры Ифтихар Малик, сонымен қатар әлемнің танымал фарабитанушы ғалымдары қатысты.
Халықаралық форумның мәртебелі қонағы болған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі құттықтау сөз сөйлеп, ұйымның әл-Фараби жылында атқарған жұмыстары туралы баяндап, жиынның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Айта кету керек, 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабат қаласында өткен конференцияда негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр. Сондай- ақ Дархан Қыдырәлі Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохаил Махмудпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар өзара ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары бүгін басталған әл-Фараби жаһандық форумына жоғары баға берді. Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі жоғарғы деңгейде өткен кездесуге ризашылығын білдіріп, Академия дайындаған бірқатар ғылыми еңбектерді тарту етті.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024