жексенбі, 22 маусым, 2025 14:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Калифорния губернаторы Трамптың әрекетін айыптап, Ұлттық гвардияны кері қайтаруды талап етті

Калифорния губернаторы Трамптың әрекетін айыптап, Ұлттық гвардияны кері қайтаруды талап етті
Фото: социальная сеть X/@Comrade_Dawar
Калифорнияда иммиграцияға қарсы рейдтерге наразылық шаралары әлі де жалғасып жатыр.

Осыған байланысты штат губернаторы Пентагон басшысы Пит Хегсетке ресми хат жолдап, Ұлттық гвардия сарбаздарын Лос-Анджелеске жіберу шешімін жоюды сұрады. Ол бұл әрекетті заңсыз деп санайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметі Калифорнияда рейдтер өткізе бастағаннан кейін наразылық күшейіп, Дональд Трамп 2000 жауынгерді Калифорнияға жіберуге бұйрық берген болатын. Бір аптаның ішінде Лос-Анджелес маңында көші-қон заңын бұзды деген күдікпен 118 адам ұсталған.

«Бізде ешқандай шиеленіс болған жоқ. Мәселе Трамп араласқаннан кейін туындады. Бұл – штат егемендігіне қол сұғу, жағдайды ушықтыру және ресурстарды шынымен қажет жерлерден бөліп алу», – деп жазды Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом. Ол өз жазбасына ресми өтініштің фотосын қоса тіркеді.

Ньюсомның айтуынша, егер жағдай шетелдік басқыншылық немесе мемлекеттік құрылымға қауіп төндіретін көтеріліс болмаса, федералды биліктен көмек сұрау жайлы шешімді тек штат басшысы ретінде өзі қабылдауы тиіс.

АҚШ-тың 22 штатының демократ-губернаторлары ортақ мәлімдеме жасап, Трампты «билікті асыра пайдалануда» айыптап, Пентагон басшысы Хегсет тарапынан Калифорнияға теңіз жаяу әскерін жіберу туралы айтылған қоқан-лоққыны айыптады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар