жексенбі, 24 қараша, 2024 5:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кедейлікті шегіне жеткізген коронавирус

Кедейлікті шегіне жеткізген коронавирус
ашық дереккөзі
Кедейлікті шегіне жеткізген коронавирус
Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева «G 20»  тарапынан пандемиямен күрестегі шараларды оң бағалады.
«G20 кездесуі барысында COVID-19 салдарынан туындаған жаппай банкроттық пен дағдарыстың салмағын азайтуға көмектесетін бюджеттік және монетарлық көмектің мәні зор екенін айттым», деген ол 82 кедей мемлекет үшін бөлініп отырған 100 млрд қаржыға алғысын жеткізген. Үлкен 20 тобы өздерінен басқа кедей мемлекеттер барлығын үнемі есте ұмытпауы тиіс, өйткені олардың қиындықтарды жеңетін мүмкіндіктері шектеулі деген Георгиева. «G 20» саммитінің қортынды мәлімдемесінен мәлім болғандай әлділер тобы коронавирустың зардаптарын жеңуге бағытталаған шараларды кедей мемлекеттерді қолдау үшін атқармақ. «Біз COVID-19 –бен арпалысып, ол тудырған қиыншылықтармен күресіп жатқан мұқтаждықтары бар кедей елдерді қолдайтын ниетімізден айныған жоқпыз. Денсаулық саласындағы және түрлі экономикалық, әлеуметтік қиындықтары шаш етектен Африка мен аралдық шағын мемлекеттерге көмек қолын созамыз», делінген қортынды құжатта. Саммитке қатысушылар пандемиямен күреске қажетті ауруды анықтап диагностикалау мен оны емдеу бойынша бар күшті жұмыла жұмсау қажет деген ойға тоғысқан. Осы қалыппен кедей елдердің сыртқы қарыздары үшін қызмет төлемдерін кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған. Саудия Қаржы министрі Мухаммед бен Абдалла әл Джаддан «Кедей елдерге ұзақ және қысқа мерзімде көмек көрсететін боламыз, ол саммит барысында шешілді», деген. Ресей ғалымдары жасаған "Спутник V" вакцинасының бағасы келесі аптада шығады деп Ресей тікелей инвестициялар қорының өкілі хабарлады дейді REGNUM. Ресей вакцинасының твиттер- аккаунтында жарияланған мәлімет бойынша $19,50 Pfizer және $25-37 Moderna вакциналарының дозасы бір адамға 39$ және 50-74$ шамасында болатыны көрсетілген. Ал «Спутник V» бағасы одан төмен болмақ делінген ақпаратта. Осының алдында америкалық компания өкілі Стефан Бансель  Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында «Moderna бағасы 25-30 доллар көлемінде болады. Бұл COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған адамды емдеуге кететін шығынды есептегенде әділімен қойылған баға деп есептейміз», деген еді. Оның айтуына қарағанда жыл аяғына дейін 20 млн доза шығарылып, оның бір шамалы ғана бөлігі Еуропаға аттандырылады. Компания вакцинаның Еуропаға апарылуына мүдделі, ол енді бірнеше күнннен соң келіссөздер нәтижесінде белгілі болады деген үмітін жеткізді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар