Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды
- авторjambylinfo.kz
- 13 қаңтар, 2021
- 264
Бір күн бұрын ресейлік әйелден коронавирустың ерекше 18 мутациясы анықталғанын жазғанбыз. Ресейлік вирусологтың айтуынша, оның антигенінде принципиалды маңызды өзгерістер болмайды.
Ресейлік вирусологтар мұндай жағдай елде алғаш рет кездескенімен, алдағы уақытта қауіптенудің қажеті жоқ екенін ескертті. Дегенмен ғалым коронавирустың жаңа нұсқалары бүкіл әлемге таралса, белгілі бір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін екенін, ал ол кезде қауіптің күшейетінін де атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 мутациясы табылғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа түрдің инфекциялық белгілері бар, бірақ өлімнің өсуі туралы әлі ақпарат тіркелмеген.
Оңтүстік Африкада да вирустың мутациялануына қатысты деректер пайда болып жатыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі де бұған дейін генетиктердің «501.V2» деп аталатын жаңа коронавирустық мутацияны анықтағанын хабарлады.
Вирустың жаңа мутациясы пайда болғаны туралы ақпарат тек Ұлыбританиямен шектелген жоқ. Осындай мәліметтермен Бразилиялық дәрігерлер де дабыл қағуда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрін қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024