дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үндістанда 300 адам белгісіз ауруға шалдықты

Үндістанда 300 адам белгісіз ауруға шалдықты
ашық дереккөзі
Үндістанда 300 адам белгісіз ауруға шалдықты

Үндістанның Элуру қаласының (Андхра-Прадеш) бір тұрғыны белгісіз аурудан қайтыс болды, тағы 315 адам сол аурудың белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы The Hindu газеті жазды.

Басылымның мәліметінше, пациенттерде бас айналу, бас ауруы және эпилепсия белгілері бар. Олардың коронавирус сынақтарының нәтижесі теріс шыққан.
Жергілікті денсаулық сақтау органдары 170 науқас ауруханадан шығарылғанын хабарлады. Қазір науқастардың су, тамақ және қан анализдерінің нәтижелері күтілуде. The Times of India басылымы мәліметтері бойынша, науқастар сенбі, 5 желтоқсанда дәрігерлерге жүгіне бастады. Содан кейін белгісіз аурудың белгілері Элуру қаласының әртүрлі аймақтарында тұратын 45 адамда пайда болды. Басылымның хабарлауынша, сарапшылар аурудың пайда болуының бірнеше нұсқаларын, соның ішінде ауаның ластануы немесе сапасыз өнімдерді пайдалану салдарынан улануды қарастырады. Қараша айында Сенегалдағы 200-ге жуық адамда бұрын белгілі болмаған басқа аурудың белгілері пайда болды. Науқастар қышымамен ауырып, бүкіл денесі бөртіп, көздің тітіркенуінен зардап шегеді. Белгілі болғандай, барлық науқас Атлант мұхитының бір аймағында балық аулаған болып шықты. stan.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар