сейсенбі, 24 маусым, 2025 12:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы өтті

Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы өтті
Pixabay.com
Оңтүстік Кореяда экс-президент Юн Сок Ёльге импичмент жарияланып, ол биліктен шеттетілгеннен кейін елде кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Бұған оның әскери төтенше жағдай енгізуге әрекеттенуі себеп болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Президенттікке бес кандидат түскен. Алайда басты бәсеке екі саясаткер арасында өрбіді: Демократиялық партияның өкілі Ли Чжэ Мён мен экс-президент Юн Сок Ёльдің «Азаматтық күш» партиясынан ұсынылған Ким Мун Су.

Жергілікті KBS, MBC және SBS телеарналарының бірлескен экзитполы бойынша, Ли Чжэ Мён 51,7% дауыс жинап, қарсыласынан озып тұр. Ким Мун Су – 39,3%, ал үшінші орындағы "Жаңа реформалар" партиясының үміткері Ли Чун Сок – 7,7% жинауы мүмкін деген болжам бар.

JTBC арнасының жүргізген сауалнамасы да ұқсас нәтиже көрсеткен: Ли – 50,6%, Ким – 39,4%.

Сайлауалды сауалнамаларда да Ли Чжэ Мён негізгі фаворит саналды – ол Кимнен 10–14 пайызға алда болған. Айта кетейік, Ли 2022 жылғы президент сайлауында Юн Сок Ёльден аз ғана айырмашылықпен жеңілген еді. Ал Ким Мун Су – сол кездегі үкімет құрамында министр қызметін атқарған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар