Пентагон Украинаға Tomahawk зымырандарын жеткізу жоспарын мақұлдады
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қараша, 2025
- 201
CNN мәліметінше, Пентагон Украинаға Tomahawk зымырандарын жеткізу жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Телеарна дереккөздерінің айтуынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл шешім елдің қорғаныс қабілетіне әсер етпейді деп санайды. Сондықтан соңғы сөз АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі.
Қазан айында Владимир Зеленскиймен кездесуде Трамп Украинаға зымыран бергісі келмейтінін айтқан, себебі “олар АҚШ-тың өз қауіпсіздігі үшін қажет” деп түсіндірген. Алайда CNN хабарлауынша, Пентагон бұл мәселе бойынша өз бағасын Ақ үйге сол кездесуден бұрын-ақ жеткізген.
Дегенмен Трамп Украинаға алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізу идеясынан түбегейлі бас тартқан жоқ. Ақ үйде президент шешімін өзгерткен жағдайда, зымырандарды Киевке жедел жеткізу жоспары дайын тұр.






