Прокурорды қорлады деген айыппен Стамбул мэрі сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 шілде, 2025
- 624
Сот отырысы Силиври қаласындағы «Мармара» жабық түрме кешенінде өтті. Қылмыстық іс Стамбулдың бас прокуроры Акин Гюрлекке бағытталған Экрем Имамоглуның сынына байланысты қозғалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz dw.com-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, мэрді терроризмге қарсы іс-қимылмен айналысқан адамдарды қудалады деген күдікке де ілген.
Сот Имамоглуны қызмет бабындағы мемлекеттік тұлғаны көпшілік алдында қорлады және қауіп төндірді деп таныды. Алайда адамдарды қудалау бойынша тағылған айыптан ақтады. Соттың үкімімен Имамоглу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, бірақ оған саяси қызметпен айналысуға тыйым салынған жоқ.
Экрем Имамоглу 23 наурыз күні қамауға алынып, «Мармара» жабық түрмесіне жеткізілген. Осыдан кейін елде жаппай наразылық басталып, бес күн ішінде 1000-нан астам адам ұсталды.
Аталған наразылықтарға байланысты 20 бөлек тергеу ісі жүріп жатыр. Қазір 50-ге жуық адам қамауда отыр. Олардың көпшілігі жиналыстар мен митингтер туралы заңды бұзды деген күдікке ілінген. Бұл үшін 6 айдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.






