жұма, 17 мамыр, 2024 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Швецияда Құран өртеу акциясы белең алды

Швецияда Құран өртеу акциясы белең алды
Фото: vesti.ru
Швед азаматы Джейд Сандберг бұл әрекетін 3 мамырда Мальмда қайталамақ

Стокгольмда кезекті акция кезінде шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Vesti.ru сайтына сілтеме жасай отырып "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлағандай, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы "мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету" деп атады.  

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.   

Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.

Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Швецияда мұндай оқиғалар бұған дейін де болған.
Ел соты тарихта алғаш рет Құранды өртеді деп айыпталған адамға үкім шығарған болатын.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар