Соғыстың салдары: миллиондаған украиндық баспанасыз қалды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қараша, 2025
- 176
Ұйымның мәліметінше, Украинадағы соғыс ел тарихындағы ең ауқымды тұрғын үй дағдарысына әкелген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ресми деректерге сай, соғыс басталған уақыттан бері 236 мыңнан астам ғимарат қираған немесе зақымдалған. Жалпы есеп бойынша 2,5 миллионнан көп тұрғын үй нысаны, яғни елдегі тұрғын үй қорының шамамен 10 пайызы, жарамсыз күйге түскен немесе қолжетімсіз болып қалған.
Тұрғын үй тапшылығының ушығуына бірнеше себеп әсер етіп отыр:
– муниципалды тұрғын үй қорының тым аз болуы;
– жалға беру нарығының реттелмеуі;
– соғыс салдарынан халықтың жаппай көшуі.
Қақтығыс басталғалы бері 10,6 миллионға жуық украиндық өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл – соғысқа дейінгі халық санының төрттен біріне тең көрсеткіш. Олардың көпшілігі шетелге бас сауғалап кеткен.
Елде қалған 3,7 миллион ішкі босқынның жартысына жуығы жаңа баспананың ақысын өтеуде қиналып отыр. Көпшілігі жалдамалы үйлерге тәуелді болып, бар жинақ қаражаттарын жұмсап қойған.
Deutsche Welle дерегіне сүйенсек, баспанасынан айырылған азаматтар табысының 50 пайызына дейінгі бөлігін жалдау ақысына жұмсауға мәжбүр, ал кей жағдайда бұл көрсеткіш одан да жоғары.






