Иран соты 33 жастағы рэпер Тумадж Салехиді өлім жазасына кесу туралы үкім шыққанын растады, деп хабарлайды jambylinfo.kz әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Ол 2022 жылы Иранда болған шерулерге қатысқаны үшін қолға түсіп, әуел баста қолжазбамен босатылған. Алайда, екі апта өткен соң жергілікті билік әншіні қайта қамаған. Ал, халық одан сайын бүлікке берілмесін деп оны арада екі жыл өткенде ғана өлім жазасына кесіп отыр деп жазады БАҚ.
Дереккөзге сүйенсек, әншінің адвокаты хабарлағандай, «ол ісіне өкініп, билікпен ынтымақтастыққа келсе, жазасы жеңілдеуі мүмкін».
Рэпер жазаға 20 күн ішінде елдің Жоғарғы соты арқылы шағым түсіре алады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024