сенбі, 23 қараша, 2024 7:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсады?

Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсады?
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсады?
Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсаған? Aibat жаңалықтар қызметі анықтады. Басылым мәліметенше, мұндай ақпараттар жабық түрде жүретініне қарамастан, кейбір сомалар шетелдік БАҚ беттерінде ашық айтылып, көпшілік назарына ұсынылған.  />

ХОК мәліметі бойынша, америкалық NBC Universal компаниясы ойындарды трансляциялауға бірден 11 жылға - 2021 жылдан 2032 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Мәміле 7,65 миллиард доллар болған.

Қазақстан Олимпиада ашылған күні трансляция құқығын <a href=сатып алды. Бұл туралы ресми хабарлама Токиодағы ойындардың ашылу салтанатынан бір сағат бұрын таратылған. Qazaqstan, Qazsport және "Хабар" телеарналары лицензияны "қолайлы бағамен" сатып алғаны хабарланды. "Жапондық Dentsu Inc компаниясымен келіссөздер 2018 жылдың қарашасында басталды. Кейін құқық иелері 15 миллион доллар сұрады, бұл өткен ойындарды тарату құнынан 3 есе көп", - деп жазады басылым. Қазақстандық телекөрермен Токио Олимпиадасының кейбір маңызды сәттерін көре алмағаны белгілі. Мысалы, қазақстандық арналар дзюдошы Елдос Сметовтың жекпе-жегін көрсеткен жоқ, ол елге Олимпиада-2020 ойындарының алғашқы медалін әкелді. Кейінірек ауыр атлет Зульфия Чиншанло жарысын таратуда да осындай қиындық туындағанын спортшы Илья Ильин мәлімдеді. Qazaqstan телеарнасы инстаграмдағы парақшасында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін кейбір жарыстар белгілі бір қиындықтарға байланысты тікелей көрсетілмегенін мәлімдеді, себебі Токиода Олимпиаданы трансляциялау құқығы ойындардың алдында ғана алынған. "Құқықты сатып алмас бұрын, сигналды қабылдайтын жабдықты тексеру және сынау мүмкін емес. Сондықтан телеарналарда алдын ала дайындалуға мүмкіндік болмады". Сондай-ақ, Instagram-да "Хабар" телеарнасы көрермендерден кешірім сұрап, дзюдодан финалды "техникалық себептермен" көрсетпейтінін ескертті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар