Әлемде
Трамп пен Путиннің Будапешттегі кездесуі өтпейтін болды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қазан, 2025
- 275
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Будапешттегі кездесуі өтпейтін болды
АҚШ президенті Дональд Трамп Будапештте өтеді деп жоспарланған кездесудің болмайтынын растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Қазір бұл дұрыс қадам емес деп шештім. Кездесуден күткен нәтижеге жете алмаймыз деп ойладым. Бірақ болашақта міндетті түрде жүздесеміз, – деді Трамп.
Оның айтуынша, Ресеймен соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер баяу жүріп жатыр.
Еске салайық, 16 қазанда Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол кезде АҚШ пен Ресей делегациялары келіссөз жүргізіп, қос ел басшыларының Будапештте жеке кездесу өткізетіні хабарланған еді.
Келесі мақала






