дүйсенбі, 29 желтоқсан, 2025 11:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп пен Зеленский тағы да кездесті

Трамп пен Зеленский тағы да кездесті
Фото: Joe Raedle/AFP/Ge
АҚШ пен Украина президенттері Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Флоридада кездесті.

28 желтоқсанда өткен келіссөздер екі жарым сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Бұл – биылғы жыл басынан бері екі ел лидерлерінің төртінші жүздесуі.

Бірлескен баспасөз мәслихатында Дональд Трамп бейбіт келісімге қол жеткізу мерзімі жағдайдың қалай өрбитініне байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, бәрі оң бағытта дамыса, келісім бірнеше аптада жасалуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда бұл процесс созылып кетуі ықтимал.

Ал, Владимир Зеленский 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың 90 пайызы келісілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік кепілдіктері толық мақұлданғанын, ал АҚШ–Еуропа–Украина форматындағы қауіпсіздік мәселелері де негізінен келісілгенін жеткізді.

Трамптың айтуынша, Киевтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттердің басым бөлігін Еуропа өз мойнына алады. Дегенмен, АҚШ бұл бағытта қолдау көрсетуді жалғастырады.

Донбасс аумақтарының мәртебесіне қатысты ортақ шешім әзірге табылған жоқ. Ақ үй басшысы Украина мен Ресей бұл мәселеде келісімге жақындап қалғанын, алайда оның әлі де күрделі екенін атап өтті. Зеленский бейбіт жоспардың кейбір тармақтары бойынша референдум өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Запорожье атом электр станциясына қатысты Трамп бұл мәселені Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы талқылағанын айтты. Оның сөзінше, станцияны қайта іске қосу үшін тараптар жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ресейдің Украинаны қалпына келтіруге атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу Украинаға электр энергиясын төмен бағамен жеткізуге ниетті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар