Трамп пен Зеленскийдің кездесуі 17 қазанда Ақ үйде өтпек
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қазан, 2025
- 290
АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдауды жоспарлап отырғанын растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Трамп Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын жеткізу мүмкіндігіне қатысты сұраққа нақты жауап бермей, бұл тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіруден бас тартты.
Бұған дейін Financial Times басылымының журналисі Кристофер Миллер әлеуметтік желідегі жазбасында 17 қазанда Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтетіні жөнінде үш дереккөз растағанын хабарлаған еді.
Миллердің айтуынша, өткен демалыс күндері екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесіп, Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін талқылаған.
Сонымен бірге осы аптада Вашингтонда украин делегациясы америкалық әріптестерімен бірнеше келіссөздер өткізеді деп күтілуде.






