жексенбі, 13 шілде, 2025 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Ресей-Венгрия атом ынтымақтастығына кедергі келтіретін санкцияны алып тастады

Трамп Ресей-Венгрия атом ынтымақтастығына кедергі келтіретін санкцияны алып тастады
atomic-energy.ru
АҚШ Венгриядағы «Пакш» атом электр станциясын кеңейтуге байланысты бұрын енгізілген санкцияларды алып тастады.

Бұл туралы Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, бұл шектеулер Джо Байденнің президенттігі кезінде саяси себептермен салынған. Ол санкциялардың күшін жойғаны үшін Дональд Трамп пен қазіргі Ақ үй әкімшілігіне алғыс айтты.

«Пакш» АЭС-іне қажетті үлкен жабдықтар Ресей мен Францияда өндіріліп жатыр. Енді Пакштағы құрылыс жаңа қарқын алады», – деді Венгрия сыртқы істер министрі.

Айта кетейік, Ресей мен Венгрия 2014 жылы «Пакш» АЭС-інде №5 және №6 энергоблоктарды салу туралы келісімге қол қойған. Бұл жаңа қуат көздері 2030 жылдардың басында іске қосылады деп күтілуде.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар