жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Украинаға көбірек қару жіберуге уәде берді

Трамп Украинаға көбірек қару жіберуге уәде берді
Pixabay.com
Украина өзіне жасалып жатқан ауыр шабуылдарға қарсы тұра алуы керек, деді Трамп.

БАҚ мәліметінше, АҚШ-тың уақытша тоқтап тұрған әскери көмегі жоғары деңгейдегі кездесулерден кейін қайта беріле бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

"Америка бұны істеуі керек. Олар өздерін қорғай алуы тиіс. Қазір Украинаға өте ауыр соққылар жасалып жатыр", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кешкі ас барысында.

Сондай-ақ, Трамп 3 шілдеде Ресей президентімен өткізген телефон әңгімесінен кейін көңілі қалғанын тағы да айтты. "Ол (Путин) тоқтағысы келмейді, адамдарды өлтіре бермек. Бұл – сұмдық", – деді АҚШ президенті.

Осыдан кейін, бір түннің ішінде Ресей әскері Украинаға 550 зымыран мен дрон ұшырды – бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Politico басылымының жазуынша, Вашингтон Украинаға арналған әскери көмектің бір бөлігін қайта жандандыруы мүмкін. Бұл шешім Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог пен Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров арасындағы екі кездесуден кейін қабылдануы ықтимал. Бірінші кездесу 10–11 шілде күндері Римде өтетін Украинаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық конференцияда өтпек. Екінші кездесу бірнеше күннен соң Киевте жоспарланып отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар