жұма, 22 қараша, 2024 21:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп жылдар бойы салық төлемеген

Трамп жылдар бойы салық төлемеген
ашық дереккөзі
Трамп жылдар бойы салық төлемеген
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды The New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.
"Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың онында төлемеген - өзінің хабарлауынша, оның табысына қарағанда шығыны көп", - деп жазды басылым.
NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған. Трамптың өзі NYT ақпаратын жалған деді.
"Бұлардың бәрі - фейк жаңалық. Мен салық төлеймін", - деді ол.
Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион жеке салық төлегенін атап өтті.
tengrinews
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар