Әлемде
Қырғызстанда «Яндекс.Такси» кеңсесіне тінту жүргізілген
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024
- 1.0k
Өйткені, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтергені анықталған
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Яндекс.Такси Корп» ЖШС мен оның серіктестерінің кеңселерінде тінту жүргізді.
Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдері ведомствоның мәлімдемесіне сүйене отырып жазды.
ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері Экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерді, бұл қызмет құнының жасанды өсуіне әкеліп соқтырды.
- Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Нетаньяху: Газа секторында палестиналық мемлекет құрылмайды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 қаңтар, 2026
Әлемде
Нипах вирусы: Үндістанда емі жоқ қауіпті инфекция таралуда
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қаңтар, 2026






