Әлемде
Қырғызстанның экс-президенті тергеу үшін Бішкекке ұшып келді
- авторjambylinfo.kz
- 2 тамыз, 2021
- 339
Қырғызстанның экс-президенті тергеу үшін Бішкекке ұшып келді
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келді.
Бұл туралы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. "МҰҚК қабылдаған шаралар нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Көп ұзамай ол ведомствоаралық тергеу тобына берілді", – делінген хабарламада. Ақаев МҰҚК ғимаратында, бұл жерде оның қатысуымен Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады. Қырғызстанның экс-президентіне ресми түрде іздеу жарияланды. 2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Әлемде
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024