Әлемде
Қытай бубон обасының өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 29 қыркүйек, 2020
- 170
Қытай бубон обасының өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
Қытай үш жасар бала бубон обасын жұқтырғаннан кейін елде төтенше жағдай жариялады.
Дәрігерлер баланың қара өлім деп аталатын бубон обасымен ауырғанын растады. Осыдан кейін шенеуніктер кейбір аймақтарда төтенше жағдай жариялады деп жазады The Paper басылымы. Ақ халаттылар 27 қыркүйек, жексенбі күні Юннань провинциясының Менхай уезінен шыққан баланың инфекция жұқтырғанын растады. Бұл жағдай Ұлттық скринингтік бағдарламаның аясында, Сидин, Менхай қаласында белгісіз аурудан өлген үш егеуқұйрық табылғаннан кейін басталды. Жергілікті ауруларды бақылау органдары осы айдың басында аймақта егеуқұйрықтардың ауыр инфекциясы басталғанын растады. Іс анықталғаннан кейін көп ұзамай, жергілікті үкімет оба ауруының таралуын болдырмау үшін IV деңгейдегі төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жасады. Қытайдың солтүстік көршісі - Моңғолиядағы 21 провинцияның кем дегенде 17-сінде бубон обасы қаупі бар екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ұлттық және провинциялық сараптамалық топтар белгіленген эпидемиялық аймақтарға іргелес ауылдарда тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде оба белгілері бар жаңа жағдайлар анықталған жоқ.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024