Зеленский: Егер Путин Қазақстанда кездескісі келсе – біз дайынбыз
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қыркүйек, 2025
- 478
АҚШ-қа сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен, соның ішінде Қазақстанда да кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Журналисттің бейтарап аумақта келіссөздер өту мүмкіндігі туралы сұрағына жауап бергенде, Зеленский бірнеше елдің атын атап өтті.
"Трамптың командасы да, менің командам да, еуропалықтар, оның ішінде Макрон және өзге де көшбасшылар, Түркия президенті – бәріміз, біздің командалар Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, Еуропадағы бейтарап елдерді – Австрия мен Швейцарияны ұсындық. Біз айтамыз: тіпті егер сіз Қазақстанды қаласаңыз да – біз дайынбыз. Бар болғаны осы", – деді Зеленский.
Ол Украина тарапынан келіссөздерге халықаралық серіктестер қатысқан жағдайда ғана ашық болатынын атап өтті.






