Зеленский: Ресеймен келіссөздер тек атысты толық тоқтатқаннан кейін ғана мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
- 335

Киев Ресеймен қандай да бір келіссөздер жүргізу үшін алдымен соғысты ұзақ мерзімге тоқтату қажет екенін алға тартып отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
«Қан төгудің бір күнге де жалғасуының мәні жоқ. Біз Ресей ертең, 12 мамырдан бастап толық, ұзақ мерзімді және сенімді түрде атысты тоқтататынын растайды деп күтеміз. Украина келіссөздерге дайын», – деді Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің түнде Стамбулдағы келіссөздер туралы айтқан мәлімдемесіне жауап ретінде.
Сонымен қатар Зеленский Ресей тарапынан келіссөз жүргізу туралы ұсынысты «жақсы белгі» деп бағалады. Оның айтуынша, бұл соғысты аяқтау туралы ойлардың бар екенін білдіреді. «Бүкіл әлем мұны баяғыда күтіп отырған. Кез келген соғысты шынайы аяқтаудың алғашқы қадамы – атысты тоқтату», – деді ол.
Ал Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram-арнасында Киев бұған дейін ұсынған 30 күндік атысты тоқтату – бейбіт реттеуге бастайтын қадам екенін жазды. «Ресей соғысты жалғастыру ниетін түрлі сөзбен бүркемелеуге тырыспауы керек. Атысты тоқтату – бұл соғысты аяқтауға ниеттің нақты белгісі», – деді Ермак.