Жаңа Зеландия жағалауында әскери радар байланыс жүйесін шатастырды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 маусым, 2025
- 164

HMAS Canberra кемесі Веллингтон қаласына бет алған. Жаңа Зеландия жағалауымен жүрген кезінде кеменің навигациялық радары кең аумақта сымсыз және радиосигналдарға кедергі келтірген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Жаңа Зеландия Қарулы күштері бұл жағдай анықталған соң Австралия тарапымен байланысқа шыққан.
«Мәселе белгілі болған соң, HMAS Canberra радар жиіліктерін өзгертіп, кедергілерді жойды. Қазір ешқандай ақау тіркелген жоқ», – делінген ресми мәлімдемеде. Қарулы күштер бұл оқиғаны жабық деп есептейді.
Оңтүстік арал бойынша хабар тарататын Бленхейм қаласындағы BrianFM радиостанциясы хабар таратуын жалғастыру үшін қосалқы жүйеге ауысуға мәжбүр болды.
Жаңа Зеландиялық Primo интернет-провайдер компаниясының директоры Мэтью Харрисон мұндай жағдайдың сирек болатынын айтты: «Біздің желіден әскери кеме ажыратқан күн күнде бола бермейді. Бұл әуе кеңістігін қорғауға арналған қауіпсіздік протоколдарын іске қосқан толық қуатты әскери радар болды. Ол кеменің қозғалысымен қатарласа отырып біздің желіні бойлап өтті. Бұған дейін мұндайды көрген емеспіз», – деп жазды Харрисон, әзілдеп, Австралия флотына шотты қайда жіберуге болатынын сұрады.