сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 2:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жапонияда 1400 гектар аумақтағы орман өртенді

Жапонияда 1400 гектар аумақтағы орман өртенді
Фото - ашық дереккөз
Жергілікті билік 4,5 мың тұрғынды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялады

Жапонияда 1400 гектар аумақты шарпыған орман өрті тіркелді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Тілсіз жау Иватэ префектурасындағы Офунато қаласына үлкен зиян келтірді. Өрт салдарынан 100-ге жуық үй жанып кетті, мектептер мен балабақшалар жабылды, пойыз қозғалысы тоқтатылды. 500-ге жуық отбасы жарықсыз қалды.

Жергілікті билік 4,5 мың тұрғынды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялады. Өртті сөндіру және оның салдарын жою үшін премьер-министр кеңсесінде үйлестіру штабы құрылды.

Соңғы бір аптада бұл – Офунато қаласында болған үшінші өрт. Биліктің мәліметінше, өрттің жиі шығуына жауын-шашынның аздығы мен қатты жел себеп болып отыр.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар