Әлемде
Жапонияда тайфун салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2020
- 244
Жапонияда тайфун салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті
Жапонияның оңтүстік-батысында "Хайшен" тайфунының салдарынан 52 адам зардап шегіп, 350 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.
Табиғи апатқа байланысты 200 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Фабрикалар мен мектептер, сондай-ақ түрлі кәсіптер жабылды. Жапония бойынша жүздеген әуе және темір жол рейсі тоқтатылды.
Тропикалық дауыл әкелген қатты жаңбыр Миядзаки префектурасында көшкіннің пайда болуына себеп болып, таулы аймақтағы бір үй қирады. Онда болған төрт адам, оның ішінде Вьетнамның екі азаматы хабар-ошарсыз кеткен.
Сондай-ақ Кюсю оңтүстік-батыс аралындағы электр желілерінің үзілуіне байланысты қазір 350 мыңға жуық үй жарықсыз отыр.
Қазіргі уақытта "Хайшен" тайфуны Жапониядан Корей түбегіне 40 км/сағ жылдамдықпен жылжуда, эпицентрдегі желдің жылдамдығы 60 м/с-қа жетеді. Дауыл салдарынан Жапонияның оңтүстік-батысына дүйсенбі күні 200 мм-ден астам жауын-шашын түседі деп күтілуде.
Премьер-Министр Синдзо Абэ жексенбіде Үкіметтің шұғыл отырысын өткізді. Онда ол жергілікті халықты қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін жасауды тапсырды. Премьер-Министр кеңсесі жанынан табиғи апат салдарын жою жөніндегі жұмысқа тартылған тиісті министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестіретін дағдарыс штабы құрылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024