сенбі, 23 қараша, 2024 8:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам ағзасынан жаңа дене мүшесі анықталды

Адам ағзасынан жаңа дене мүшесі анықталды
ашық дереккөзі
Адам ағзасынан жаңа дене мүшесі анықталды
Адам ағзасынан бұрын ғылымға белгісіз дене мүшесі табылды. Оның терең орналасқаны соншалық осы уақытқа дейін байқалмай келген. Ғалымдар бұл кейінгі 300 жылдағы маңызды жаңалық екенін айтады. Дәрігерлер тапқан дене мүшесі – сілекей бездерінің төртінші жұбы. Ғалымдар оны тубариал сілекей бездері (tubarial) деп атады. Бұл мүше бас сүйектің геометриялық ортасында, оның табанына жақын орналасқан. Сілекей бездері тамақтың сулануына жауап береді. Жаңа мүшені дәрігерлер мойын, тамақ, қуықасты безі және уретрия қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға жарық терапиясының әсерін зерттеп жатқанда кездейсоқ тапқан. Денедегі ісікті анықтау үшін ғалымдар қанға изотоптармен қаныққан глюкозаны енгізеді. Мұндай радиоактив заттар рак клеткаларында көп жиналады және сәулеленудің арқасында ісіктің шекараларын айқын көрсетіп, ауру мүшенің жағдайын бағалауға көмектеседі. Алайда, мамандар радиоактив глюкозаны тек ісік емес, басқа мүше де жұтатынын анықтады. Алынған кескіндер белгісіз мүшелердің жұбын көрсеткен. Анатомияға арналған барлық кітаптарда адамның үш үлкен сілекей безі бар екені айтылады. Олар – құлақ, жақ астындағы және тіл астындағы сілекей бездері. Енді оған төртінші сілекей бездері қосылды. "Зерттеу барысында пайда болған екі мүшенің сілекей безінің өз қасиеттері бар", - дейді Амстердам университетінің хирургі, зерттеудің жетекші авторы Мэтьюс Вальстар. Бұл сілекей бездері тамақтың сулануына жауап беретіні анықталды. massaget
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар