жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен аналарға 304 млрд теңге жәрдемақы төленген

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен аналарға 304 млрд теңге жәрдемақы төленген
ашық дереккөз
2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді. Бұл көмекпен орта есеппен 857,9 мың отбасы қамтылды. Жалпы төленген сома – 304,8 млрд теңге.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға 265,8 млрд теңге көлемінде жәрдемақы берілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мұндай қолдауды 615,4 мың отбасы алды. Ал "Алтын алқа", "Күміс алқа" және басқа да наградалармен марапатталған аналарға 39 млрд теңге бөлініп, 242,5 мың адам қамтылды.

2025 жылдың маусым айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 867,4 мың отбасы жалпы сомасы 51,3 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 623,5 мың отбасы 44,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243,9 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар