жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты халыққа үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты халыққа үндеу жасады
Facebook
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram парақшасында жазба жариялап, қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол өз сөзінде бұрын өзі де перзентхана медбикесі, балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері, кезекші және ординатор ретінде жұмыс істегенін атап өтті.

– Балаларыңызды, ата-аналарыңызды, жақындарыңызды аман алып қалуға тырысып жатқан дәрігер мен медбикелердің қорлануын, дәрменсіздігі мен үрейлі жағдайын көзге елестету мүмкін емес. Бұл – еш негізсіз, жабайы агрессия, – деп жазды министр.

Ол Қарағанды мен Қостанай қалаларындағы медицина қызметкерлеріне жасалған екі шабуылды мысал ретінде келтірді.

Медицина қызметкерлерін қорғау үшін қандай шаралар қабылданады:

Қыркүйек айында Парламентке заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады. Онда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау тұрмыстық құқықбұзушылық емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарастырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы қызмет ететін күзет бекеттерін күшейтеді.

– Біз бала кезден бастап дәрігерлердің еңбегіне құрметпен қарауды, алғыс айту мәдениетін қалыптастыруымыз қажет, – деді Ақмарал Әлназарова.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар