жексенбі, 19 мамыр, 2024 14:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Білім беру мекемелерін аралады

Білім беру мекемелерін аралады
ашық дереккөзі
Білім беру мекемелерін аралады
Жаңа оқу жылы болса жақындап келеді. Тамыз өтіп қыркүйек тақағанда ұстаз бен ата-ана алақұйынға түспейтіндей мектептер нендей қам қылып жатыр? Білім ошақтарының бүгінгі жай-күйін білу үшін жоғы мен барын түгендеп жолға шықтым. Әуелі орталық Төле би ауылындағы білім беру мекемелерін көрдім. Ондағы жылу қазандықтарының маусымға дайындығы мен материалдық-техникалық базасын шолып шықтым. Жылыту маусымы дегенде аудандағы 47 мектептің 7 орталықтандырылған қазандықпен, 1 газбен, 11 пешпен, қалғаны жеке қазандықпен жылытылады. Келер жылға 10 мектеп, 8 балабақшаны газға қосуды жоспарлап отырмыз. Аталған жобаға аудандық бюджеттен 47 млн теңге қаржы қарастырылған. Ал, 2020-2021 оқу жылына 11 сыныптың және қосымша бала санының өсуіне орай 1-10 сыныптардың оқушыларына жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 213 млн теңге бөлініп, 95698 дана оқулықтар алынады. Сонымен қатар қашықтықтан оқуға әлеуметтік әлсіз отбасыларындағы оқушыларға қосымша үнемделген қаражат есебінен 328 ноутбук сатып алуға 82 млн теңге қаржы қарастырып отырмыз. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 32 мектептің сыртта орналасқан әжетханаларын мектеп ішіне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша жауапты мердігерлерден жоспарланған жұмыстарды тамыз айының соңында тәмамдауды талап еттім. Құрылыс барысында қолданылып жатқан құрылыс материалдары сапалы болуы керектігін, мектеп аулаларының көріктендірілуі де үнемі назарда болуы қажеттілігін ескерттім. Сонымен қатар мектеп іргесіндегі жер учаскелерін суғару жүйесін орнату талаптарын ескеруді жүктедім. Білім ошақтарында балалар қызығушылықпен оқитындай жағдай жасалу керек. Шу ауданының әкімі Нұржан Календеровтың Фейсбуктегі парақшасынан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар