жұма, 22 қараша, 2024 4:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім саласын дамыту – басты назарда

Білім саласын дамыту – басты назарда
ашық дереккөзі
Білім саласын дамыту – басты назарда

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер қол жеткізу бағытында қаланың білім беру саласында бірқатар  жұмыстар жүргізілуде.

Қалада 60 мектеп, 1 кешкі мектеп, 45 бөбекжай-бақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 111 мекеме жұмыс атқарып жатыр.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету, кеңес беруге арналған кабинеттер саны ашылуда. №32 орта мектеп жанынан «Болашақ» корпоративтік қоры тарапынан демеушілік жасалынып ашылған инклюзияны қолдау кабинеті аутистік белгісі бар балаларға көмек көрсетететін инклюзияны қолдау кабинеті, №20 орта мектеп жанынан «ДАРА» қайырымдылық қорының демеушілігімен №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып,  жалпы 361 балаға көмек көрсетілуде.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы жобалық сыйымдылығы – 20956 орын. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші – 79,9 %,           3-6 жастағы балалардың барлығы (100%) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейту мақсатында 2020 жылға 1665 орын ашу жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айында  214 пайдалануға берілді.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып, сапалы білім беру мүмкіндігі кеңеюде.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа 14 мектеп пен 13 бөбекжай-бақшада, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 мектепте (№5,8,10,23,25,39) жөндеу жұмыстары атқарылды.

2 мектепте (№№17,20 ОМ) күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында «Шалғай Қарасу» алқабынан - 600, №22 орта мектеп жанынан - 600, №4 орта мектеп ғимараты орнынан - 180 орынды, №2 орта мектеп ғимараты орнынан 300 орынды жаңа мектептер мен Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия жанынан 300 орынды жапсарлас ғимараттың құрылыстары жүргізілуде.

26 мектепте ішкі және сыртқы, 27 мектепте тек ішкі әжетхана бар. Әжетханалары сыртта орналасқан 7 мектептің бесеуінде (№№11,27,56 ОМ, №58 БМ) әжетханалар ғимарат ішіне орналастырылды, бір мектепте (№17 ОМ) күрделі жөндеу, бір мектепте жаңа құрылыс (№22 ОМ) арқылы қарастырылып отыр. №6 орта мектепке қосымша екі бөлмеге ішкі әжетхана орнатылды.

Білім мекемелері бейнебақылаумен 100% қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 23 мектепке қосымша бейнебақылау орнатуға қаражат қарастырылды.

Мектептерде 116 модификациялы кабинет, 31 мектепте (51%) робототехника, 5 мектепте ІТ кабинеті,  6 мектепке «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша қондырғылар орнатылған. Ағымдағы жылы 6 мектепке  2 физика, 2 биология, 2 химия кабинеттері жабдықталатын болады.

Балаларға арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім алуға жағдай жасалған. 60 мектептің 55-де инклюзивті оқытуға жағдай жасалған. Ағымдағы жылы 4 (№31,52,58,59) мектептің пандустарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 мектепте психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету сыныптары бар. 4 мектепке (№№46,55,32,25) дефектолог маманының шаттық бірлігі беріліп, арнайы мамандардың қызметі көрсетіледі.

Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының 17888 баласына мектеп формалары, оқу құралдары, қыс маусымына арналған киімдер алынып берілуде.

Мектептен тыс білім мекемелеріндегі қосымша қосымша біліммен қамту үлесі 30%-ды құрайды. Мектептен тыс спорт мектептеріндегі секцияларға 7277 оқушы қамтылған.

«Жас қыран» қозғалысына қатысатын 1-4 сынып оқушыларының үлесі – 62%, «Жас Ұлан» қозғалысына қатысатын 5-10 сынып оқушыларының үлесі – 66% құрап отыр.

Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі артып келеді. Білім сапасы 70,54 % өсіп,  70 оқушы «Алтын белгі», 41 оқушы «Үздік аттестат», 301 оқушы негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегері болды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтар саны – 2585, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар қызметкерлер саны – 758, үлесі -48,2 пайызды құрады.

Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санындағы педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі – 48,6%.

Бағдарламаны іске асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Уәлихан Байдуанов,

Тараз қаласы  әкімдігі білім бөлімі  басшысының міндетін атқарушы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар