жұма, 17 мамыр, 2024 6:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараздық NIS оқушысының отбасылық жобасы – инженерлік шығармашылық байқау номинанты ⠀

Тараздық NIS оқушысының отбасылық жобасы – инженерлік шығармашылық байқау номинанты ⠀
ашық дереккөзі
Тараздық NIS оқушысының отбасылық жобасы – инженерлік шығармашылық байқау номинанты ⠀

Тараздық NIS 11-сынып оқушысы Нұрболат Рыскелдиновтың отбасылық командасы жасаған Голдберг машинасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің инженерлік шығармашылық байқауының «Үздік таныстырылым» номинациясын жеңіп алды.⠀ Байқау тапсырмасына сәйкес командалар соңғы әрекетімен антисептик мөлшерлегішіне басатын механизмді ойлап табуы қажет болған. Берілген тапсырма пандемия жағдайында өзекті әрі қисынды – «Қолды дезинфекциялау – денсаулық кепілі» тақырыбына арналды. – Ұлымыз осы баайқау туралы айтқан кезде, біз оны әкесі екеуміз бірден қолдап, жобаны жасауға кірістік. Жұмыс процесі біздің отбасымыз үшін өте қызықты болды. Машиналардың көптеген нұсқаларын қарастырдық, нәтижесінде қарапайым қол жетімді материалдардан ең оңтайлы механизм жиналды, – деді Нұрболаттың анасы. Әрбір отбасы онлайн форматта өз механизмдерін ұсыныды. Қашықтан баға берген қазылар алқасы бейнематериалдармен танысып, Голдберг машинасының алгоритмін ғана бағалап қойған жоқ, сонымен қатар топтағы бірлесіп жұмыс жасау ахуалын, инженерлік шешімнің бірегейлігін, сондай-ақ шығармашылық серпіндерін назарға алды. Жас өнертапқыштар мен олардың ата-аналарына қойылған басты талап – машинаны қолданудағы жоғары қауіпсіздік. Голдберг чемпионатын өткізу туралы шешім пандемия кезінде оқушыларды инженерлік білім мен технологиялық дизайн шығармашылығын кеңейтуге шабыттандыратын дәстүрлі робототехника олимпиадасы тоқтатылған кезде пайда болды. ⠀ Алғаш рет STEM-білімді практикалық іске асыруға арналған желілік байқауға балалармен бірге ата-аналар да қатысты. ⠀ Голдберг машинасы қарапайым материалдардан жасалған күрделі құрылғы ретінде белгілі, оның әр түрлі әрекеттері қарапайым тапсырманы өте күрделі және ұзақ жолмен орындайды. Голдберг лигалары мен чемпионаттары бүкіл әлемде танымал. ⠀

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар