бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 9:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«5,5 млн. теңге»: Енді мұғалімдер мен оқушылар олимпиададағы жеңісі үшін қомақты сыйақы алады

«5,5 млн. теңге»: Енді мұғалімдер мен оқушылар олимпиададағы жеңісі үшін қомақты сыйақы алады
фото - ашық дереккөзден
Ал үздік оқушыны дайындаған ұстаздарға біржолғы сыйақы тағайындалған

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін 5,5 млн теңгеден сыйақы алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 млн теңгеден асады.

.Талантты оқушыларды қолдау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың  жүлделі орындарды иеленген оқушыларға және оларды дайындаған педагогтерге мемлекет тарапынан біржолғы сыйақы тағайындалған. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде; күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде; қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі.
Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 млн теңгеден асады.


Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленді. Бұл олимпиадалар:  IMO (математикадан), IPhO (физикадан), IBO (биологиядан), IChO (химиядан), IOL (лингвистикадан), IGeO (географиядан) және IOI (информатикадан).

Ал былтыр 23 оқушы 65,6 млн теңге, 20 педагог жалпы сомасы 71,4 млн теңге біржолғы сыйақы алған болатын. Жалпы 12 ірі халықаралық жарысқа қатысқан 1218 қазақстандық оқушының 603-і медаль иегері атанды. Яғни, әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғаған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынға ие болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар