"Ісі күмәнді": Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қаржы пирамидасына қатысы бар ма
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қыркүйек, 2024
- 1.4k
Журналист Бақтияр Хамит эстрада әншісі Алтынай Жарабаеваның қаржы пирамидасына қатысы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бақтияр Хамиттің жазуынша, өнер иесі қазір “Бізге 5 млн салып, айына 500 мың теңге алып отыр” деген қаржылық пирамиданың барлық белгісі бар тірлікті жарнамалап жүр.
- Жұрттың бәрі Мақпал әншімізге жанашырлық танытып жатыр. Мен Алтынай Жорабаева үшін алаңдап жүрмін. Бір күмәнді іспен айналысып, айналасында күмәнді адамдар жүрген сияқты. Қазір тәп-тәуір әншіміз “Бізге 5 млн салып, айына 500 мың теңге алып отыр” деген қаржылық пирамиданың барлық белгісі бар тірлікті жарнамалап жүр. 5 миллионнан 500 мың көру үшін салған ақшаңның айлық өсімі 10% болу керек. Жылдығы 120%. Қазір банктердің ең көп деген ЖЫЛДЫҚ пайыздық үстемақысы 15% сәл асады. Сонда бұлар қалай пайда таппақ? Ал енді әншіге сеніп, қыруар адам миллиондап ақша құйып жатыр. Адамды Инстаграмм арқылы тартады. Жорабаеваның өзіне 3 млн, жанындағы келіншекке де сонша адам жазылған екен. Талай адам сан соғып қалмаса екен деп тілеп отырмыз,- дейді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.
Ал, белгілі қаржыгер Сапарбай Жұбаев негіздемелерге сүйене отырып, бұл таза қаржы пирамидасының ережесі екенін айтып отыр.
- Айына 10% дегені, жылына 120. Бұлар, алдын жазылған өздеріне жақын адамдарға 2-3 ай кейінгілердің ақшасынан береді. Олар үгіттейді. Нағыз қаржылық пирамида. Статья бар,- деп жазбаға пікір білдірді қаржыгер.
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024