сәрсенбі, 11 маусым, 2025 7:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандағы ең үздік 100 мектеп анықталды

Қазақстандағы ең үздік 100 мектеп анықталды
Pixabay.com
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік 100 мектептің тізімін жариялады.

Бұл рейтинг жалпы орта білім беру сапасына жүргізілген кешенді бағалау нәтижесінде жасалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бағалау тек оқушылардың оқу үлгерімімен шектелмей, бірқатар әлеуметтік және сапалық көрсеткіштерді де қамтыды.

Атап айтқанда, мынадай факторлар ескерілді:

сырттай білім сапасын бағалау нәтижелері;

PISA және PISA for Schools халықаралық зерттеулеріне қатысуы;

білім жетістіктерін мониторингтеу деректері;

мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен оқушылар жетістіктері;

инклюзивті білім беру сапасы;

мектеп ішіндегі тәрбие беру ахуалы мен психологиялық микроклимат;

экологиялық, ғылыми және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуы.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар