сәрсенбі, 11 маусым, 2025 0:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді

Жамбылда алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді
Фото - ашық дереккөз
Балалардың құқықтарын қорғау прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі

Жамбылда алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Мәселен, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады.

- Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және барлық ата-аналарды өз міндеттерін есте сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар