Білім
"Бұрынғыдан да сорақы болады": Аятжан Ахметжан білім саласындағы былықтар туралы айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 28 қаңтар, 2025
- 629
Педагог білім саласындағы өзекті мәселелерді жіпке тізді
Танымал педагог, Qazbilim group компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы мектепте оқу бағдарламасы мен оқулықтың сапасы жуық арада өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Біздің оқулықтар сапасыз. Осыдан 10-15 жыл бұрын осы мәселені жырлаулы едік. Баяғы жартас, сол жартас. Өзгерген ештеңе жоқ. Менен біреу: "Жақында мектептегі сапасыз оқулықтар жойылып, оның орнына жаңа, сапалы оқулықтар жазыла ма?" десе ойланбастан: "Бізде жуырда оқулықтар сапасы өзгермейді",- деп жауап беретін едім. Мені мазалайтын басты сұрақтар: Оқулық сапасы оңала ма? Оқу бағдарламасы мен оқулық бір жүйеге қашан түседі? Білім мазмұны бір ізге қашан түседі? Бірақ, тыңдар құлақ жоқ, - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Келесі мақала