2024-2025 жылдары республикада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 740 мың орынға есептелген 369 мектеп бой көтереді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан президенті Іс басқармасы әзірлеген «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жайлы мектептердің құрылысын барысын нақты уақыт режимінде бақылап отыр.
«Ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті (2025 жылы – 152) қолданысқа беру көзделген», - деді Бейсембаев үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, мектептердің құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте 163 мектеп ауылдарда салынады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген. 2023 жыл – 500 млрд теңге, 2024 жыл – 976,3 млрд теңге, 2025 жыл – 909,4 млрд теңге. Былтыр «Самұрық-Қазына Констракшн»-ге 500 млрд теңге аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстағы "Жайлы мектеп" жобасының іске асырылу барысы туралы жиын өткізген болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024