Білім
Елімізде колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы 79%-ға жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қыркүйек, 2024
- 209
Қазақстандағы 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгінгі таңда Қазақстанда 772 колледж 565 мың студентке білім беруде, атап айтарлығы оның ішінде 177 мың студент биылғы жылы оқуға қабылданған. 91 мың студент дуальды оқумен қамтылған.
- «Маман даярлаудағы маңызды қадам – бизнеспен ынымақтастық құру болып табылады. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын дуальды оқыту, шефтік қамқорлыққа беру секілді түрлі өзара ынтымақтастық құралдарын қолдана отырып, 410 колледжбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда. Бұл студенттерді практикалық дайындықпен және жұмыспен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді. Қазақстанда колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 79%-ды құрайды», - деп атап өтті министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы оқу жылынан бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі 145 мың орынды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 12 мың орынға артқанын көрсетеді. Осылайша, сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 90%-ға жетті.
Келесі мақала