Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты - министр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
- 77
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев былтыр елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің сөзінше, барлық білім беру ұйымдарында бірдей инклюзиялық білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, министрліктің құрылымында алғаш рет Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылған.
«Өткен жылы ғылыми қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қыруар жұмыс атқарылды. Инклюзиялық және арнайы білім беру саласындағы барлық нормативтік құжатқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде 15 нормативті-құқықтық акт қабылданды. Осыған орай баланың дүниеге келген сәтінен бастап оқу оқып, мамандық алған кезіне дейін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі үлгісі енгізілді, қолдау кабинеттері үшін жаңа талаптар бекітілді, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс үшін жеке бағдарламалар әзірленді, одан бөлек педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші секілді жаңа лауазымдар пайда болды», - деп бөлісті бұл туралы әлеуметтік желідегі өз жазбасында министр.