Жаңалықтар
Путин запастағы әскерилерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:21
- 85
Ресейде жыл сайынғы әскери жиындар басталды.
Ресей президенті Владимир Путин запастағы ресейліктерді әскери жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша нақты қанша адамның шақырту алатыны және әскери жиындардың қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Президент Владимир Путин қол қойған жарлық 16 қаңтарда жарияланып, күшіне енді.
Құжатта қанша азаматқа шақырту қағазы жіберілгені көрсетілмеген.
«2025 жылы запастағы Ресей азаматтары елдің Қарулы Күштерінде, ұлттық гвардия әскерлерінде, Азаматтық қорғаныс істері, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды жою министрлігінің құтқару әскери бөлімдерінде, Мемлекеттік күзет органдарында және Федералды қауіпсіздік органдарында әскери жиындардан өтуге шақыртылсын», - делінген жарлықта.
Келесі мақала