сенбі, 18 қаңтар, 2025 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

37 жылдан бері қоғамдық көліктен түспеген азамат

37 жылдан бері қоғамдық көліктен түспеген азамат
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Еңбек адамына құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Шіліңгір шілде мен қыстың қақаған аязында таңсәріден қас қарайғанға дейін көліктің рөлінде отырып, халыққа қызмет көрсету оңай емес. Тараздық Марат Ерлікбаев 1988 жылдан бері қоғамдық көлік жүрзушісі болып жұмыс істейді. Jambylinfo.kz. ақпараттық сайты қоғамдық көлік жүргізушісімен бір күн өткізді. 37 жылдан бері қоғамдық көліктен түспей, адал етіп жүрген азамат сүйікті кәсібі туралы ақтарыла әңгімелеп берді.

Жұмысымды жақсы көремін

Мен 37 жылға жуық қоғамдық көлік жүргіземін. Жұмысымыз таңғы сағат 6:45-те басталып, кешкі 21:40- та аяқталады. Қай қызметте болмасын адамдармен жұмыс істеу оңай шаруа емес. Өйткені, олардың мінезі әртүрлі және сол кездегі көңіл-күйіне назар аударуы керек. Ал физикалық қысымға келер болсақ, бұл өтірік.  Бұл соншалықты қиын деп айтпас едім. Мүмкін түрлі себеппен демалыс күні ұйықтамай, келесі күні жұмысқа шығып кетсе шаршап, физикалық әлсіреуі ықтимал. Былайынша, бұл мәселе ететіндей жағдай емес, - дейді кейіпкеріміз.

Марат Ерлікбаев жалақыны да тұрақты алатынын, кейінгі кезде халыққа қызмет көрсететін көліктер легі жаңартылғанын айтты.

«Қазір жақсы болды. Тараздағы автобустардың басым бөлігі жаңарды. Шаршамайсыз. Ыңғайлы, ішінде бәрі бар. Желдеткіш, телефон қуаттағыш, іші де жып-жылы. Бұрын қиын еді, қазір жұмысқа қуанып келіп, қуанып қайтамыз. Шынында мен өз жұмысымды жақсы көремін. Бұл мамандыққа жастардың көптеп келгенін қалаймын»,-дейді ол.

Кейде ақшасы жоқ жолаушыларды тегін тасимын 

 Марат Ерлікбаев автобустарда кондукторсыз жұмыс істеу басында қиындық тудырғанын қазір бұл өзгеріске бой әбден үйренгенін алға тартты.

 – Алғашында қиын болды. Бірақ қазір үйреністік. Негізі, жолаушылар да соған бойсұнды. Бәрі алдыңғы есіктен кіріп, артқы есіктен шығады. Кіреберісте адамдар бірден валидация жасайды. Ал арнайы программамен төлейтіндер мен хабарлама жібергендердің чегін үнемі болмаса да арагідік тексеріп, бақылап отырамыз. Оның үстіне, жолаушылардың төлем жасағанын тексеретін мамандар болады. Ол кісілер адамдардың ақша аудармағанын анықтаса айыппұл салады. Сондықтан тұрғындар бұл жайтты білгендіктен олай жасай қоймайды. Сосын халықтың санасы да жолақсын жемеу керектігін түсінетіндей көрінеді маған. Алайда ақшасы жоқ жолдаушылардың жағдайын түсініп, кеңшілік танып, тегін жеткізіп тастаймын. Өмір ғой түрлі жағдай болады, - деді  Марат аға.

Қоғамдық көліктер қызметінде ешқандай мәселе болмаса жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне не себеп? Бұған кейіпкеріміз бұны жазым деп қысқа қайырды.

 – Адам қауіптен, қатерден сақтандырылған болса онда бәріміз қорғанып алар едік қой. Жол-көлік оқиғасы күтпеген жерден орын алады. Иә, егер автокөліктермен жарысса, ішімдік ішіп немесе түнімен ұйықтамай қызмет барысында қалғып кететіндерге, жылдамдықты шамадан тыс асыратындарға кешірім болмауы керек. Алайда ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болатын сәттерге жолаушылар таситын жүргізушілерді жазғырудың қажетті жоқ. Сондықтан жолда жүрген барлық көлік жүргізушілеріне амандық тілеймін, - дейді Марат ағынан жарылып.

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар