Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласының бас онкологы пара алды деп айыпталуда
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2025
- 89
Тараздың бас онкологы 400 мың теңге пара үшін сотталуда
Тараздағы №2 сотта Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының бас дәрігері Айбаз Алихановқа қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу мәліметтері бойынша, Алиханов 400 мың теңге пара алған. Бұл қаражат оны медициналық мекемеге жұмысқа орналастырғаны үшін берілген деп болжануда. Бас дәрігердің әрекеті «Пара алу» бабы бойынша сарапталады.
Айбаз Алиханов өз кінәсін мойындағанымен, істі айыппұлмен шешкісі келген.
Алиханов бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған. Оны сол кездегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асет Қалиев тағайындаған болатын. Айта кету керек, Калиев те ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталуда.
Келесі мақала