сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 19:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық BRICS чемпионатында қазақстандық студент алтын медаль жеңіп алды

Халықаралық BRICS чемпионатында қазақстандық студент алтын медаль жеңіп алды
Фото - ашық дереккөз
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жасанды интеллект бағытында білім беру ынтымақтастығы артуда

Қазақстандық студент халықаралық беделді BRICS Skills Development and Technological Innovation Competition чемпионатында жасанды интеллект саласы бойынша алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жасанды интеллект бағытында білім беру ынтымақтастығы артуда.
Көкшетау жоғары колледжінің студенті Ильяс Гатин «2nd Artificial Intelligence Deep Learning Application Technology Competition» халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды. Байқауға Конго, Камерун, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерден келген 20 үздік студент қатысып, жасанды интеллект пен терең оқыту технологиялары бойынша озық жобаларын ұсынды.

Қатысушылардың кәсіби даярлығы, практикалық біліктілігі және инновациялық шешімдері халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары талаптар бойынша бағаланды.

Айта кетейік, Ильяс Гатин бұған дейін де бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен. Ол WorldSkills Kazakhstan–2024 ұлттық чемпионатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленген. Сонымен қатар, ProIT командасының құрамында «Inform Defence Hackathon» хакатонында І орынды жеңіп алған.

Бұл жетістік қазақстандық колледж студенттерінің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар