Білім
"Ірі аймақтық іс-шара": Алматыда Роботтар фестивалі басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2026
- 91
Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған
Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысуда.
Daryn FIRST Qualifier 2026 - оқушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға арналған маңызды алаң.
Үш күнге созылатын сайыстың қорытындысы бойынша үздік командалар FIRST бағдарламасының келесі кезеңдеріне жолдама алады.
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталуға жақын
- авторМағжан Орынбасар
- 29 желтоқсан, 2025
Білім
Биыл қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 922 медаль еншіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025




