Келер жылдан бастап ұстаздар жаңа платформада жұмыс істейді
- авторjambylinfo.kz
- 1 қазан, 2024
- 20.8k
Келер жылдан бастап ұстаздар жаңа платформада жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Әзімбайдың сөзінше, облыста қазір Ustaz электронды платформасын іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық мектебінде Ustaz электронды платформасы қосылады. Оған дайындық жұмыстары барлық мекемелерде жүргізіліп жатыр. Яғни, қазір ұстаздар электронды портфолиоларын жинақтап, жүктеу жұмыстары жүргізілуде. Егер толық көшкен жағдайда аттестациядан өтетін педагогтер құжаттарын тиісті мекемеге барып өткізбейді. Электронды форматтан сервер өзі жүктеп, әрі қарай педагогке қандай санат берілетіні туралы ақпарат ұстазға ақпарат түрінде түсіп отырады. Педагогтерді тестілеу санат алуға байланысты аттестация жүргізіледі. Бұл жүйе сақталады. Ал, Ustaz электронды платформасы құжаттарды жинауға қатысты,- деді басқарма басшысының орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін бұл жайында орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеген болатын.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздарымыздың жұмыс тиімділігі толығымен цифрландырылады және мұғалімнің жұмысы Ustaz электронды платформасында бағаланатын болады. Сонымен қатар, бағалаудың ең жоғары үлесі мұғалімнің практикалық іс-әрекетіне келеді – бұл оның сабағын талдауы, оқыту әдістері мен әдістемелерді тиімді қолдана білуі, сондай-ақ мұғалімнің сыныптарды оқыту сапасы. Бұл платформаға көшу үшін тестілеу кезінде мұғалімнің пән бойынша білімі ғана бағаланады, ал педагогика мен әдістеме мәселелері практикалық деңгейге көшеді", – деген еді Наталья Жұмаділдаева.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз